О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Уральска от 28 мая 2001 года №7 «Об определении мест продажи периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера» (Рег. № 918 от 27.06.2001 года) Күшін жойған
Басқа 0
«Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы» Орал қалалық әкімдігінің 2001 жылғы 28 мамырдағы №7 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы тіркеу
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабындағы 2-тармаққа сәйкес қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгiлеу туралы" Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 28 мамырдағы N 7 қаулысына келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы "қосымшаға сәйкес" деген сөзден кейiн 1 санымен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) келесi мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қалалық жұмыс тобының құрамы бекiтiлсiн (N 2 қосымша)".
Тармақша 4
4) келесi мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы туралы" Ережелер бекiтiлсiн (N 3 қосымша)".
Тармақша 5
5) келесi мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қалалық сауда бөлiмiнiң бастығы (Н.С.Ахметов) эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарының бөлшек сауда сатуға арналған орындарды қабылданған Ережеге сәйкестiрсiн".
Тармақша 6
6) келесi мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасарлары С.Н.Церковниковке және Е.И.Тарасенкоға жүктелсiн".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасарлары С.Н.Церковниковке және Е.И.Тарасенкоға жүктелсiн.
Басқа 9. Қалалық жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Орал қалалық әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 3 шілдедегі
N 548 қаулысына
N 2 қосымша
Қалалық жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Сергей Николаевич
Церковников - қала әкiмiнiң орынбасары,
жұмыс тобының төрағасы
Елена Ивановна
Тарасенко - қала әкiмiнiң орынбасары,
жұмыс тобы төрағасының
орынбасары
Руслан Амангелдiұлы
Әділов - Батыс Қазақстан облысы
бойынша салық комитетiнiң
мобильдi топтары бөлiмiнiң
бас салық инспекторы
(келiсiм бойынша)
Нұрлан Серiкқалиұлы
Ахметов - қалалық экономика
басқармасы сауда бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Қаныбек Сисенғалиұлы
Жақсығалиев - қалалық iшкi iстер бөлiмi
бастығының орынбасары
София Орынбасарқызы
Марқабаева - БАҚ есебi мен мониторингi
бөлiмiнiң бастығы
(келiсiм бойынша)
Валентина Юрьевна
Юртаева - қала әкiмi аппараты iшкi
саясат және әлеуметтiк
сала бөлiмiнiң бас маманы
Басқа 10. Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз
басылымдарының сатуға бөлшек саудасы туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Орал қалалық әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 3 шілдедегі
N 548 қаулысына N 3 қосымша
Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз
басылымдарының сатуға бөлшек саудасы туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ережелер "Бұқаралық баспасөз құралдары туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 14-бабындағы 2-тармақ негiзiнде дайындалды.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы мерзiмдi баспасөз құралдарының бөлшек саудасы осы Ережелердiң 2.2., 2.3. және 2.4. тармақтарына қайшы келмейтiн арнайы стационарлық орындарда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аталған өнiмдi мыналарға сатуға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) 18-жасқа толмағандарға;
Тармақша 2
2) балалар мекемелерi мен оқу орындарында және олардан 300 метрден кем қашықтықта;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және бiлiм орындарында, сондай-ақ сәулет және тарих ескерткiштерi жанында;
Тармақша 4
4) қоғамдық көлiкте, аялдамаларда және халық көп жиналатын жерлерде;
Тармақша 5
5) сөреге қойылған эротикалық өнiмнiң әр данасы мөлдiр емес орамамен қапталуға тиiс.
Тармақ 3
3. Заңды және жеке тұлғаларға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi баспасөз құралдарын өткiзуге рұқсат беру үшiн негiз болып мыналар танылады:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысының аумағында шетелдiк мерзiмдi баспасөз құралдарын таратуға Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жергiлiктi аумақтық органы берген анықтама- рұқсат;
Тармақша 2
2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқын куәландыратын құжат (патент) және эротикалық басылымдардың тiзбесi көрсетiлген еркiн түрде жазылған өтiнiш.
Тармақ 4
4. Эротикалық өнiмдi сату Ережелерiн бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершiлiкке әкеледi.
Тармақ 5
5. Осы Ережелер эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзiмдi баспасөз құралдарын қамтиды, соның шетелден әкелiнетiндерiн де.