О внесении дополнений и изменения в постановление акимата района от 28 августа 2001 года №79 «Об утверждении Положения по организации и финансированию общественных работ» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» аудан әкімиятының 2001 жылғы 28 тамыздағы №79 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабы 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына, «Мемлекеттікі мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінеі және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысына, 2001 жылдың 30 шілдеде №398 Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде тіркелген «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 26 наурыздағы №57 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» аудан әкімиятының 2001 жылғы 28 тамыздағы №79 қаулысына, (Солтүстік Қазақстан облысы әділеті басқаруында 2001 жылдың 3 қазандағы тіркеу №452, (2001 жылдың 23 қазанда «Нива» газетінде басылған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген аудан әкідігінің 2003 жылғы 29 шілдедегі №188 қаулысы 2003 жылдың 11 тамыздағы тіркеу №995; 2005 жылғы 19 сәуірдегі №120 қаулысы 2005 жылдың 12 мамырдағы тіркеу №13-12-5), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережеде: 7 тармақта: келесі мазмұндағы 20-2), 20-3), 20-4), 20-5) тармақшалармен толықтырылсын: 20-2) оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау; 20-3) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс жүргізуде көмек көрсету; 20-4) құжаттаманы өңдеуде және сақтауға дайындауда көмек көрсету; 20-5) жұмыспен қамту мәселері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек; 7 тармақтың 21) тармақшасы шығарып тасталсын; аталып өткен Ереженің қосымшасы қосымшаға сәйкес 22, 23, 24 жәнеі 25 жолдармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Бірінші рет жарияланған күннен бастап осы қаулы күшіне енеді.
Басқа 3
«23» мамыр 2006 жылғы № 140 аудан әкімдігінің қаулысына Қосымша 22. оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау Техникалық орындаушы «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысы, 1 қосымша G-17 1,10 23. мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс жүргізуде көмек көрсету Іс жүргізуші «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысы, 1 қосцмша G -17 1,10 24. құжаттаманы өңдеуде және сақтауға дайындауда көмек көрсету Техникалық орындаушы «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысы, 1 қосымша G -17 1,10 25. жұмыспен қамту мәселері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек Техникалық орындаушы «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысы, 1 қосымша G -17 1,10