О внесении дополнения в постановление акимата района от 28 августа 2001 года №79 «Об утверждении Положения по организации и финансированию общественных работ» Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2001 жылғы 28 тамыздағы №79 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережені бекіту жөнінде» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабындағы 2 тармаққа, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына және 2001- жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Халыкты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына, 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
аудан әкімдігінің 2001 жылғы 28 тамыздағы №79 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережені бекіту жөнінде» қаулысына (2001 жылғы 3 қазандағы тіркеу №452, «Нива» газетінде 2001 жылғы 23 қазанда жарыққа шыққан, 2003 жылғы 29 шілдедегі №188 аудан әкімдігінің қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар, 2003 жылғы 11 тамызда тіркеу №995 (2003 жылғы 20 қыркүйек №43 «Нива» газетінде); 2005 жылғы 19 сәуірдегі №120, 2005 жылғы 12 мамыр тіркеу №13-12-5 (2005 жылғы 21 мамырдағы №23 «Нива» газетінде); 2006 жылғы 23 мамырдағы №140, 2006 жылғы 15 маусым тіркеу №13-12-24 (2006 жылғы 17 маусымдағы №25 «Нива» газетінде), келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінде:
7 тармақ келесі мазмұндағы 20-6) тармақшасымен толықтырылсын:
«20-6) мүліктерді жария ету жөніндегі аудандық комиссияға қабылдауда, тіркеуде, жинауда және құжаттарды ресімдеуде қызмет көрсету»;
қосымшаға сәйкес аталған Ереженің қосымшасы 26 жолмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы бірінші рет ресми басылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы «22» желтоқсан
қосымша № 298
26. мүліктерді жария ету жөніндегі аудандық комиссияға қабылдауда тіркеуде, жинауда және құжаттарды ресімдеуде қызмет көрсету
тіркеуші
Қазақстан Республикасы Үқіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың, қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы
G-17
1,10