О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2002 года N 258 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 ақпандағы N 258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 ақпандағы N 258 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы "450 мың тонна мөлшерінде астық сатып алу" деген сөздер "500 мың тоннаға дейін астық сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі