О внесении изменений в постановление акимата от 28 августа 2002 года № 157 «О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоемов» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімияттың 2002 жылғы 28 тамыздағы
№ 157 «Балық шаруашылығы су тоғандарын
бекітіп беру және кешенді пайдалану туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9, 10, 30-баптарына сәйкес балық қорын ұтымды пайдалану мақсатында және «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорытындысының негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 22 тамыздағы № 157 «Балық шаруашылығы су тоғандарын бекітіп беру және кешенді пайдалану туралы» қаулысына, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1721 (2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 134 «Костаанйские новости»), (Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 8 маусымдағы № 152 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 28 тамыздағы № 157 «Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3010 қаулысымен өзгерістер енгізілсін), өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4-абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңдарға сәйкес балық шаруашылығы су тоғандарын қайта бекітіп беру жөніндегі ұсыныстар енгізу ұсынылсын.