О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 28 октября 2002 года № 216-ОД "Об утверждении Правил применения мер антимонопольного реагирования на нарушения антимонопольного законодательства" Күшін жойған
Басқа 0
"Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қазандағы N 216-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағының,»"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-5, 18-6, 18-7-баптарының , "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қазандағы N 216-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2064 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналдың 2003 ж., N 1, 757-құжат жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесінде:
3-тарау алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.