О внесении дополнений в решение от 28 января 2002 года № 24-13 «О порядке и размерах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияны Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 шешімімен бекітілген «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы ережені» қолданымдағы заңнамаға сәйкестіру жөніндегі қорытындысын қарап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабындағы 1-тармақты, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5
шілдедегі №568-11 ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаттарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» (тіркеу №1407, 2002 жылғы 26 сәуірде «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешіміне Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 19 қазандағы №33-22 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (тіркеу №1815, 2002 жылғы 22 қарашада «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2002 жылғы 28 қарашадағы №34-4 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы
28 қаңтардағы №24-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (тіркеу №1882, 2003 жылғы 1 қаңтардағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2003 жылғы 27 наурыздағы №38-9 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (тіркеу №2063, 2003 жылғы 8 мамырдағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 29 қаңтардағы №6-3 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі көлемі туралы» Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы № 24-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (тіркеу №2509, 2004 жылғы 5 наурыздағы «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп, мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» Ереженің (№ 1 қосымша) 1-тарауының 4-тармағы «лифт пайдалану» сөздерінен соң «және «қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметін» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2004 жылғы 5 шілдедегі №568-ІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшінен енген күннен іске енгізілсін.