О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 января 2002 года № 24-13 «О порядке и размерах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Орал қаласы әкімінің 2005 жылғы 25 шілдедегі №06-36/1306 өтінішін және әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның 2002 жылғы 28 қаңтардағы қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілген №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы ережеге” өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қорытындысын қарап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 – бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы” (тіркеу №1407 2002 жылғы 3 сәуірден, 2002 жылғы 26 сәуірде «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешіміне қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 19 қазандағы №33-2 (тіркеу №1815 2002 жылғы 30 қазаннан, 2002 жылғы 22 қарашада «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2002 жылғы 28 қарашадағы №34-4 (тіркеу №1882 2002 жылғы 18 желтоқсаннан, 2003 жылғы 1 қаңтардағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2003 жылғы 27 наурыздағы №38-9 (тіркеу №2063 2003 жылғы 7 сәуірден, 2003 жылғы 8 мамырдағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 29 қаңтардағы №6-3 (тіркеу №2509 2004 жылғы 20 ақпаннан, 2004 жылғы 5 наурыздағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 21 қазандағы №12-9 (тіркеу №2790 2004 жылғы 8 қарашадан, 2004 жылғы 25 қарашада «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы” Ереженің №1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақ келесідей редакцияда баяндалсын: Тұрғын үй жәрдемақысы Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі: оралмандарға, босқын мәртебесі бар адамдарға, шетелдіктерге, мекендеуге рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтарға. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысын төлеудің шекті жол берілетін шығын үлесі белгіленсін: жалғызбасты және ерлі-зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жалпы аурулар бойынша мүгедектер және осындайларға күтім жасайтын азаматтар, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, кәмелетке толмаған балаларымен немесе жеті жасқа дейінгі балаларын тәрбиелеп отырған балаларымен бірге тұратын зейнеткерлер отбасылары, Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс жасаған азаматтар, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер және жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін - 15% көлемінде, басқа санаттағылар үшін -30 % 8-тармақ келесідей редакцияда баяндалсын: Өтемақы шараларын қамтамасыз ететін тұргын үй ауданының нормасы бір бірлік тұрғын үйдің ауданын алатын, бірақ 64 шаршы метрден аспаумен келесідей азаматтар санаттарына белгіленеді: зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жалпы аурулар бойынша мүгедектер және осындайларға күтім жасайтын азаматтар, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын камқоршылар, Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс жасаған азаматтар, тұрғын үй ауданының нормасы шегінде басқа да санаттағы азаматтар. 11 - тармақ келесідей редакцияда баяндалсын: Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (екі және одан да көп) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу кұқығынан айырылады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер катарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ, бұл есепке мүгедектерге күтім жасайтын, күтімді қажет етеді деп танылғандар немесе 7 жасқа дейінгі баланың (бір немесе одан да көп) тәрбиесімен айналысатындар кірмейді, сонымен қатар үш және одан да көп баланың тәрбиесімен - кіші баласының 1-ші сыныпты аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) айналысатындар және Психикалық денсаулық орталығында есепте тұратын тұлғалар кірмейді.