О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 января 2002 года № 24-13 «О порядке и размерах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы №24-13 «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» (тіркеу №1407 2002 жылғы 3 сәуірден, 2002 жылғы 26 сәуірде «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешіміне қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 19 қазандағы №33-2 (тіркеу №1815 2002 жылғы 30 қазаннан, 2002 жылғы 22 қарашадағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2002 жылғы 28 қарашадағы №34-4 (тіркеу №1882 2002 жылғы 18 желтоқсаннан, 2003 жылғы 1 қаңтардағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2003 жылғы 27 наурыздағы №38-9 (тіркеу №2063 2003 жылғы 7 сәуірден, 2003 жылғы 8 мамырдағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 27 қаңтардағы №6-3 (тіркеу №2509 2004 жылғы 20 ақпаннан, 2004 жылғы 5 наурыздағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 21 қазандағы №12-9 (тіркеу №2790 2004 жылғы 8 қарашадан, 2004 жылғы 25 қарашада «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2005 жылғы 10 тамыздағы №25-8 (тіркеу №7-1-14 2005 жылғы 17 тамыздан, 2005 жылғы 1 қыркүйекте «Жайық үні» газетінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Аталған шешімнің №1-қосымшасымен бекітілген «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» Ереженің 4-тармағы келесідей редакцияда баяндалсын: «Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енеді: пайдалану шығындары, электр, су, газ, жылу энергиясы және канализациямен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі». «Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» №1 қосымшаның 19-тармағы келесідей редакцияда баяндалсын: «Отбасының бюджетіне (табыстары) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны қоспағанда отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбекақы түрінде алатын; кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары; мүліктік табысы; мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы); балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер; ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар; жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табыстары, мұраға қалған ақша енеді».