О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 мая 2002 года № 97 «О корректировке и установлении ставок отдельных видов налогов и платежей относительно базовых ставок» Қолданыста
Басқа 0
«Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставқаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағаның 15) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
«Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 1647 2002 жылғы 11 шілде, аудандық «Меңдіқара үні» газетінде 2002 жылғы 2 тамызда жарияланды); бұдан бұрын «Салықтармен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» Меңдіқара аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Меңдіқара аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 115 шешімімен (мемлекеттік тіркеу № 1806 2002 жылғы 11 қазан) өзгерістер енгізілді:
Тармақ 1
1. Аталмыш шешімнің 3 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
1) қолдан сауда жасау -минималдық есептік көрсеткіштен 60%;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп тауарларымен және прилавкадан сауда жасау - бір сауда орнына минималдық есептік көрсеткіштен 10%;
Тармақша 3
3) өнеркәсіп тауарларымен және азық өнімдерімен прилавкадан сауда жасау - бір сауда орнына минималдық есептік көрсеткіштен 10%;
Тармақша 4
4) автокөліктен сауда жасау - 1 минималдық есептік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) женіл автомобильдін кызмет көрсетуі - минималдык есептік көрсеткіштен 50%;
Тармақша 6
6) жүк автомобилінің кызмет көрсетуі 1 минималдық есептік көрсеткіш;
Тармақша 7
7) жекеменшік және жалға алынған тракторлардың иелерінің жер учаскелерді өндеу қызметін көрсету- минималдық есептік көрсеткіштен 20%;
Тармақша 8
8) саяжай учаскесінен, бау, бакшадан, қосалкы шаруашылықтан алынған өнімдерді өткізу - минималдық есептік көрсеткіштен 3%;
Тармақша 9
9) жолға қосылсын: «саяжай учаскесінен, бау, қосалқы шаруашылықтан алынған өнімдерімен ғана сатушылар»;
Тармақ 2
2. 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыс ақшалы ойын автоматы жылына 1 саннан - 50 минималдық есептік көрсеткіш;
Тармақша 1
2) бір ойыншыдан көбірек ойын өткізуге арналған ұтыс ақшалы ойын автоматы (электрондық рулеткасыз) - жылына 1 саннан 80 минималдық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) бір ойыншмен ойын өткізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы - жылына 1 саннан 10 минималдык есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) бір ойыншыдан көбірек ойын өткізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы -жылына 1 саннан 15 минималдық есептік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) ойын откізуге арналған арнайы компьютер - жылына 1 саннан 10 минималдық есептік көрсеткіш
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.