О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 мая 2002 года № 97 «О корректировке и установлении ставок отдельных видов налогов и платежей относительно базовых ставок» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағаның 15) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 1647 2002 жылғы 11 шілде, аудандық «Меңдіқара үні» газетінде 2002 жылғы 2 тамыздың № 30 жарияланды); бұдан бұрын «Салықтармен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 115 шешімімен (мемлекеттік тіркеу № 1806 2002 жылғы 11 қазан, аудандық «Меңдікара үні» газетінде 2003 жылғы 1 тамыздың № 32 жарияланды); «Салықтармен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 28 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 8 қарашадағы № 302 шешімімен (мемлекеттік тіркеу № 9-15-44 2006 жылғы 28 қарашадағы № 51 жарияланды) өзгерістер енгізілді: Аталмыш шешімнің 3 тармағынын 2) және 3) тармакшалары келесі редакцияда жазылсын: «2) өнеркәсіп тауарларымен прилавкадан сауда жасау - бір сауда орнына минималдық есептік көрсеткіштен 7%; 3) азық өнімдерімен прилавкадан сауда жасау - бір сауда орнына минималдық есептік көрсеткіштен 7% ».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.