О внесении дополнений в решение Денисовского районного маслихата от 28 февраля 2003 года № 15 «Об утверждении Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг», номер государственной регистрации 2099» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2003 жылғы 13 ақпандағы № 15 «Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) баспанасын ұстау (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемін өтеу мақсатта көмек көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2099» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7) тармақшасын басшылыққа алып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын орындауда Денисов аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2003 жылғы 28 ақпандағы № 15 «Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) баспанасын ұстау (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемін өтеу мақсатына көмек көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2099» шешіміне (Денисов аудандық «Наше время» газетінің 2003 жылғы 12 сәуірдегі № 12 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) 3-тарауының 4-тармағы мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын: «Электроэнергия шығындарының нормасы отбасындағы 1 мүшесі үшін айына 45 киловатт»; 2) 4-тарауының 6-тармағы мынадай екі абзацпен толықтырылсын: «Бір тоқсандағы жеке қосалқы шаруашылықтың кірісі деп отбасындағы жиынтық табысында есептелетін сома, бір отбасы үшін екі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде алынады». «Он сегіз жастан зейнеткерлік жасына дейінгі табысы жоқ азаматтар үшін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін есептеу үшін екі айлық есептік көрсеткіші есепке алынсын.»; 3) 5-тарауының 7-тармағы 5) тармақшасы мына сөздермен толықтырылсын: «балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері»; 4) 5-тарауының 8-тармағы мына абзацпен толықтырылсын: «Үстіміздегі айына құжаттар қабылдау жиырма төртінші жұлдызында аяқталады.»; 5) 5-тарауы мынадай абзацпен толықтырылсын: 9) «Өткен тоқсанда пайдаланғаны коммуналдық қызметтері үшін төлемдерді төлегені туралы квитанциялар, кітапшалар».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік саланы дамыту, құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.