О внесении изменений в решение от 28 апреля 2003 года № 171 «Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки территорий, защиты зеленых насаждений и содержание кошек и собак в поселках и селах Уланского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы 28 сәуірдегі № 171 ауданының ауылдары мен кенттерін көріктендіру, аумақты санитарлық тазарту, жасыл ағаштарды қорғау және иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы» шешімге өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 171 «Ұлан ауданының ауылдары мен кенттерін көріктендіру, аумақты санитарлық тазарту, жасыл ағаштарды қорғау және иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 1274, «Ұлан таңы» газетінің 2003 жылғы 5 және 12 шілдеде № 28-29, № 31-32 сандарында жарияланған, өзгертулер енгізілген 2005 жылғы 28 қазандағы № 124, тіркеу нөмірі 5-17-9, «Ұлан таңы» газетінің 2005 жылғы 19 қарашадағы № 59 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін: атауында «иттер мен мысықтарды» сөздері «жануарларды» сөзіне өзгертілсін; 8 тарау осы шешімнің қосымшасына сай жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімге қосымша бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Ұлан аудандык мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 160 шешіміне қосымша
Тармақ 8. 8. Ұлан ауданында жануарларды ұстау Ережесі
8. Ұлан ауданында жануарларды ұстау Ережесі
Тармақ 56
56. Осы Ереже Ұлан ауданындағы жануарлардың барлық иелеріне, соның ішінде меншік нысанына және ведомстволық бағынушылығына қарамастан барлық мекемелер мен ұйымдарға таратылады. Жануарларды ұстаудың міндетті ережесі болып табылады:
Тармақша 1
1) жануарларды тіркеу және жылсайын қайта тіркеу, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу, 2-3 айлық жасынан бастап түрғылықты жерлері бойынша мал дәрігерлеріне апарып, әр түрлі ауру тасығыштарға қарсы емдеу және диагностикалық тексеру жүргізу; сатып алынған жануарлар екі жұма ішінде тіркетіліп, бір айлық карантинге қойылуы тиіс, ауылдық (кенттік) округтарының мал дәрігерлері жануарлар иелеріне белгіленген үлгідегі (2003 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министірлігі бұйрағымен бекітілген) ветеринарлық құжат беріп, жануарларды ұстау ережесімен таныстырады;
Тармақша 2
2) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтап, қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді;
Тармақша 3
3) жануарларды ауданда және аудан шегінен тыс жерлерге шығару және сату, тек қана белгіленген үлгідегі тіркеу куэлігінің негізінде ауылдық (кеттік) окургтардың мал дәрігерлері беретін ветеринарлық куәлік немесе ветеринарлык анықтама негізінде ғана рұқсат етіледі, онда егілген күні, диагностикалық зерттеу, дегельминтизация жасалғандыгы туралы ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 57
57. Жануарлар иелерінің құқыктары мен міндеттері: Жануарлар иелерінің құқықтары:
Тармақша 1
1) кез келген жануар иелерінің жеке меншігі болып табылады және кез келген жеке меншіктей заңмен қорғалады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізімге кіретін аса қауіпті жануарлар ауруларының шығу немесе таратылу қаупі төнуінен басқа, жағдайларда жануарлар тек иелерінің келісімімен ғана алынады;
Тармақша 3
3) жануарлар иелері адамға немесе жануарларға қауіп келтіретін жануарларды және сол жануарлардың өнімдері мен шикізаттары жойылған немес тартып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары белгілеген жағдайға сәйкес және тәртіп бойынша келтірілген шыгысты қайтарып алуға құқылы. Жануарлар иелері міндетті:
Тармақша 1
1) оларды биологиялық өзгешелігіне сәйкес күтіп ұстау, жануарлармен мейірімді болу, жануарларды қараусыз, сусыз, азықсыз қалдырмау, ауырған жағдайда дер кезінде мал дәрігерінің көмегіне жүгіну;
Тармақша 2
2) жануарларды ұстау және серуенге шығатын жерлерде санитарлық жағдайды керегіндей қадағалау, аулаларды, подъездерді, спорттық және балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, саябақтарды, демалыс орындарын және зират бастарын ластамау; егер ластанған жағдайда арнаулы құралдар (пакет, калақша) көмегімен міндетті түрде тазалау жүргізу;
Тармақша 3
3) ауылдық (кенттік) округтің мал дәрігері мамандарының талабы бойынша жануарларды мерзімінде диагностикалық зерттеу және алдын алу - емдеу жүмыстарын жүргізу үшін апару;
Тармақша 4
4) жануарлардың және қоршаған адамдардың қауіпсіздігін сақтауға қажетті шаралар қабылдау.
Тармақша 5
5) жануарлардың сатып алынғандыгы немесе өлім жітімге үшырағандыгы туралы ауылдық (кенттік) округтің мал дәрігерлеріне дер кезінде хабарлау;
Тармақша 6
6) егер жануарлар адамдарды немесе басқа жануарларды тістеген жағдайда мал дәрігері мамандарының бақылауында қарау және карантинге қою үшін иелері ауылдық (кенттік) округтің медициналық мекемелеріне, мал дәрігері инспекторына, аудандық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау қызметіне тез арада міндетті түрде хабарлауы тиіс;
Тармақша 7
7) жануарлардың мәйітін дана тастамай, арнайы мал бейіттеріне апарып көмуі қажет;
Тармақша 8
8) сату үшін жануарларды алдын ала сою алдындагы тексерістен өткізбей союға рұқсат етілмейді және сойылғаннан кейінгі малдың ұшасы және ішкі орғандары тексерістен өткізілуі тиіс;
Тармақша 9
9) жануарлар иелері емдеуді, аурулардың алдын алуды, диагностикалық тексерісті, дезинфекцияны, дезинсекцияны, соның ішінде инвазиондық ауруларды, сонымен қатар ауыл шаруашылық жануарларды қолдан ұрықтандыруды, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізімдегі аса қауіпті аурулардан басқаларын келісімшарт негізінде төлеуге міндетті.
Тармақ 58
58. Ара, құс, және үй ауылшаруашылық жануарларын ұстау.
Тармақша 1
1) селитебті аймақта ауылшаруашылық жануарларын құстарды және араларды багуға, жаюға, айдауға тыйым салынады;
Тармақша 2
2) азаматтарға, кәсіпкерлер мен ұйымдарға қаланың селитебті аймагынан тысқары жерлерде үй жануарларын қорада багуға рұқсат етіледі;
Тармақша 3
3) қаланың селитебті аймагында жүрген ауыл шаруашылық жануарларын мамандандырылған қызметтер үстайды, қараусыз қалған жануарларды ұстау мен кері қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылық үй жануарлары, құстар және аралар сол аудандағы тұрғын үй, жеке меншік секторлардан, мектеп, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, стадиондардан, жалпы тамақтандыру және сату кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібінен, көп пәтерлі үйлерден, көпшілік демалыс орындарынан, артезиандык кұдықтар мен аудандагы су қоймаларының жағаларынан тыс ара кашықта арнаулы құрылып жабдықталған жабық бөлмелерде ұсталуы тиіс; бір қабатты үйлерде, егер онда бірден артық жанұя түратын болса, белгіленген ветеринарлық - санитарлық ережелерді сақтап, осы үйде түратын көрші жанұялардың келісімімен ғана ара, кұс және жануарларды ұстауға рұқсат беріледі;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді және оларға ауылдык (кенттік) округтің мал дәрігерлік инспекторында ветеринарлық куәліктер ашуды камтамасыз ету:
Тармақша 6
6) ветеринарлык құжатсыз ауыл шаруашылық жануарларын, жануарлар өнімдерін және шикізаттарын, азық-жемді кіргізуге және шығаруға тиым салынады:
Тармақша 7
7) малбөлмелерін және аумақты тазалықта ұстап, уақытында дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау; жем қалдықтарын және басқа да қоқсықтарды арнаулы бекітілген жерлерге уақтылы шығару;
Тармақша 8
8) жабайы және үй жануарларын зообүрыштарында, балалар мекемелерінде, мектептерде, кооперативтерде ұстау тек Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министірлігі Ұлан ауданының аумақтық басқармасының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады;
Тармақша 9
9) көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және көпшілік қолданатын жерлерде жануарларды шығаруға және жаюға тиым салынады;
Тармақша 10
10) жаз кезінде ірі қара малдар біріккен үйірмен жайылымда, қой және ешкілер басқа жануарлардан бөлек біріккен отарда жайылуы тиіс; жайылым жерлері ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен белгіленеді.
Тармақ 59
59. Ит және мысықтарды ұстау Ит және мысық иелеріне рұқсат беріледі:
Тармақша 1
1) туыстық ара қатынаста түрмайтын екі және одан да көп жанүя түратын пәтерлер мен бөлмелерде жануарларды ұстау келісім арқылы және медициналық теріс айғақтар болмаған жағдайда жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) иттерді жеке түрған үйлерде жақсы қоршалған аумақта және кірер есікте иттін бар екендігі туралы арнаулы кесте болған жағдайда ғана ұстауға;
Тармақша 3
3) иттерді, мысықтарды және басқа да жануарларды «табиғат бұрыштарында» балалар және жасөспірімдер мекемелерінде, жазгы және қысқы денсаулық түзету мекемелерінде ұстау санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметкерлерінің рүқсаты бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) мекемелер мен ұйымдарда күзет иттерін байлап немесе вольерде ұстауға;
Тармақша 5
5) иттерді және мысықтарды автокөліктерде иттұмсықта немесе арнаулы клетка, сөмкелерде және жолаушыларға маза келтірілмейтін жағдайда ғана тасымалдауға рүқсат беріледі;
Тармақша 6
6) көпшілік орындарында (көшелер, аула аумақтары, саябақтарда және басқа да жерлерде) иесіз жүрген жануарлар, байлауда қалтырылған жануарлардан басқасы, иелерінің қарауынсыз қалтырылған деп саналып, арнаулы бос жүрген жануарларды ұстау мекемесімен міндетті түрде үсталуы тиіс;
Тармақша 7
7) иттерді тек қана қысқа байлауда (ал аса қауіпті және жауыгушылықты иттерді тек иттұмсықта) түргын үй қорын пайдалануға жауапты пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдар немесе ауылдық (кенттік) округтердің экімдері бекіткен арнаулы жерлерде серуенге шығаруға тиіс. Иттер мен мысықтардың иелеріне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) жануарларды балалардың аула алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептер мен оқу мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, спорттық алаңдарда, саябақтарда, су құдықтары және су жағалауларында серуендетуге;
Тармақша 2
2) 14 жастан кіші немесе мас күйінде көпшілік автокөліктерінде, көпшілік орындарында иттермен иттүмсықсыз және қарғы баусыз келуге және серуенге шыгуға;
Тармақша 3
3) көпшілік тамақтанатын кәсіпорындарда, азық - түлік дүкендерінің өндіру және сату бөлімдерінде иттерді және мысыктарды әкелуге және ұстауға;
Тармақша 4
4) иттер мен мысықтарды көпшілік қолданатын орындарда, подъездерде, баспалдақ торларында және шатыр астында, жатақханалардың кіре берістерінде және ас үйлерінде ұстауға;
Тармақша 5
5) аудан аумағында ит төбелестерін ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) иттерді, күшіктерді және мысықтарды арнайы белгіленбеген жерлерде жануарларды ветеринарлық анықтама мен басқа да құжаттарсыз сатуға;
Тармақша 7
7) өлген иттер мен мысықтарды лақтыруға немесе өздігімеан көмуге тиым салынады;
Тармақша 8
8) тұрғын үйлер жанында иттерді серуендеткен кезде олардың иелері тыныштықты қамтамасыз етуі қажет, иттерді үргізбеуге тиіс; жол-көлік уақиғасынан қашық болу үшін итті көшеден және үлкен жолдардан өткенде қарғы бауда ұстау керек.
Тармақ 60
60. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі.
Тармақша 1
1) осы Ережелерді бұрмалаған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардығы № 155-11 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310,311 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жауапқа тартылады;
Тармақша 2
2) материялдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтелуі үшін сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 60-1
60-1. Үй иелерінің, кондоминиумдардың, тұрғын үй қорының пайдалануына жауапты кәсіпорындардың жануарларды ұстау ережелерін қамтамасыз ету бойынша міндеттері Үй иелері, кондоминиумдар, тұрғын үй қорының пайдалануына жауапты кәсіпорындар міндетті:
Тармақша 1
1) иттерді серуендетуге арналған соларға бекітілген аумақта немесе құрылыстан бос шағын аудан аумағында арнайы белгі немесе кесте белгілеу арқылы иттерді серуендетуге арналған жерлерді анықтау;
Тармақша 2
2) иттерді серуендететін аула аумақтарының санитарлық қалпын қадағалау;
Тармақша 3
3) жануарлар кіретін барлық үй астыларын, шатырларды және басқа да қосымша бөлмелерді жабық қалпында ұстау;
Тармақша 4
4) жануарларды ұстайтын арнаулы мекемелерге қарамағындағы аумақта жүрген барлық қараусыз қалған жануарлар туралы хабардар ету.
Тармақ 60-2
60-2. Ветеринарлық қадағалау мекемелерінің міндеттері. Ветеринарлық қадағалау мекемелері міндетті:
Тармақша 1
1) жануарлар иелерінің санитарлық -ветеринарлық шараларды орындауларына, оның уақтылы жүргізілуіне бақылау жасау;
Тармақша 2
2) ауданда ветеринарлық - санитарлық тазалықты сақтауды қамтамасыз ету, адамға және жануарларға ортақ жануарлардың ауруларының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 3
3) жануарлар иелеріне жануарлардың ауруларын емдеуге және алдын алу жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған көмек көрсету.