О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города от 28 марта 2003 года № 198/3 «О Правилах социальных выплат отдельным категориям граждан города на 2003 год» НГР 1720 от 10 апреля 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2003 жылғы 28наурыздағы «Қала азаматарының жекеленген санаттарына 2003 жылы әлеуметтік төлем төлеудің Қағидалары туралы» № 198/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 10 сәуірдегі МНТ 1720
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, ауыр материалдық жағдайды және ауылдық округ тұрғындарының жеке аулаларын нығайту үшін қолда бар қаражаттың тапшылығын ескеріп, аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қала әкімдігінің 2003 жылғы 28 наурыздағы «Қала азаматтарының жекеленген саенаттарына 2003 жылы әлеуметтік төлем төлеудің Қағидалары туралы» № 198/3 қаулысына мынадай өзгесітер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем төлеу туралы Қағидаларының (бұдан былай Қағида) 2 бөлімі мынадай мәтіндегі 6 тармақпен толықтырылын:
«6. Атаулы әлеуметтік көмек алатын, орташа кірісі белгіленген кедейлік шегінен аспайтын, Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұрып жатқан тұлғалар (отбасы)».
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің 2003 жылғы 28 наурыздағы «Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2003 жылы әлеуметтік төлем төлеудің Қағидалары туралы» № 198/3 қаулысының 5 тармағы мынадай мәтінде берілсін:
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.