О внесении изменений в постановление акимата города Рудного от 28 января 2003 года № 21 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи: на питание для детей в возрасте до одного года, на питание для беременных женщин и на питание малообеспеченным гражданам и инвалидам» государственный регистрационный номер 2033 Күшін жойған
Басқа 0
Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 21, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2033 «Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру үшін, жүкті әйелдерді тамақтандыру үшін және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 21, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2033 «Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру үшін, жүкті әйелдерді тамақтандыру үшін және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспе сөз басындағы «2001 жылғы 21 қаңтардағы» сөздер алынып тасталсын;
1 қосымшаның 7-тармағындағы «СТН» аббревиатурасы «салық төлеушінің нөмірі» сөздерімен ауыстырылсын;
2 қосымшаның 7-тармағындағы «СТН» аббревиатурасы «салық төлеушінің нөмірі» сөздерімен ауыстырылсын;
3 қосымшаның 7-тармағындағы «СТН» аббревиатурасы «салық төлеушінің нөмірі» сөздерімен ауыстырылсын.