О внесении изменений в постановление акимата города Рудного от 28 января 2003 года № 21 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи: на питание для детей в возрасте до одного года, на питание для беременных женщин и на питание малообеспеченным гражданам и инвалидам», государственный регистрационный номер 2033 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 21, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2033 «Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру үшін, жүкті әйелдерді тамақтандыру үшін және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 21, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2033 «Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру үшін, жүкті әйелдерді тамақтандыру үшін және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» (2003 жылғы 2 сәуір, «Рудненский рабочий» газеті, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2033, 2003 жылғы 11 маусымда, «Рудненский рабочий» газеті, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2227, Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 245 «Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 21, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2033 «Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру үшін, жүкті әйелдерді тамақтандыру үшін және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді тамақтандыру үшін әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасына: 3-тармағындағы «және Кедейлікті төмендету жөнінде бағдарламада есепте тұрған» сөздер «егер өтініш еткен тоқсанына көрсетілген отбасындағы орта жиынтық кірісі өмір сүрудің ең аз мөлшерінен жоғары емес» сөздерімен ауыстырылсын; көрсетілген қаулының 2-қосымшасына: 3-тармағындағы «және Кедейлікті төмендету жөнінде бағдарламада есепте тұрған» сөздер «егер өтініш еткен тоқсанына көрсетілген отбасындағы орта жиынтық кірісі өмір сүрудің ең аз мөлшерінен жоғары емес» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары С.Б. Борібаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.