О внесении изменений в постановление акимата города Рудного от 28 января 2003 года № 22 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи: на лечение в стационаре, обследование в медицинских учреждениях малообеспеченным гражданам, инвалидам и пенсионерам, малообеспеченным семьям для аренды дачного участка на летний сезон, приобретение семенного материала и проезда на дачные участки и малообеспеченным гражданам, инвалидам и пенсионерам», государственный регистрационный номер 2032 Күшін жойған
Басқа 0
Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 22, мемлекеттiк тiркелу нөмiрi 2032 «Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуi, медициналық мекемелерде тексерiлуi үшiн, жазғы маусымда саябақ учаскесiн жалға алғанына төлеу үшiн және тұқым алу мен саябақ учаскелерiне көлiкпен жүру үшiн аз қамтылған отбасыларына, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек көрсету ережелерiн бекiту туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 22 (2003 жылғы 2 сәуiр, «Рудненский рабочий» газетi, мемлекеттiк тiркелу нөмiрi 2032) «Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуi, медициналық мекемелерде тексерiлуi үшiн, жазғы маусымда саябақ учаскесiн жалға алғанына төлеу үшiн және тұқым алу мен саябақ учаскелерiне көлiкпен жүру үшiн аз қамтылған отбасыларына, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек көрсету ережелерiн бекiту туралы» қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының кiрiспе сөз басындағы 2001 жылғы 21 қаңтардағы» сөздер алынып тасталсын;
1 қосымшаның 9-тармағындағы «СТН» аббревиатурасы ««салық төлеушiнiң нөмiрi» сөздерiмен ауыстырылсын;
3 қосымшаның 3-тармағындағы «ОДКК» аббревиатурасы «орталық дәрiгерлер кеңесi комиссиясы» сөздерiмен ауыстырылсын;
3 қосымшаның 8-тармағындағы «СТН» аббревиатурасы «салық төлеушiнiң нөмiрi» сөздерiмен ауыстырылсын.