О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1111 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде: 6-тармақтағы "Республика даңғылы, 24" деген сөздер "Бейбiтшiлiк көшесi, 11" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ережеде: 5-тармақтағы "Республика даңғылы, 24" деген сөздер "Бейбiтшiлiк көшесi, 11" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiнiң құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде: 5-тармақтағы "Қабанбай батыр көшесi, 47" деген сөздер "Бейбiтшiлiк көшесi, 11" деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 9-тармақтың 1) тармақшасының соңғы абзацындағы "жүзеге асырады" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "ғарыш объектiлерiнің тіркелімін жүргізуді".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 сәуiрдегi N 249 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiнiң құрылымы Басшылық Лицензиялау және сыртқы емтихандар басқармасы Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы Қаржы және әкiмшiлiк жұмыс басқармасы Жаратылыстану және техникалық ғылымдар бөлiмi Әлеуметтiк-гуманитарлық ғылымдар бөлiмi Медицина және ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлiмi