О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1118 и от 28 октября 2006 года N 1024 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 және 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақ 2
2-тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 439-құжат):
Тармақ 2
2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мыналарды:
Тармақша 1
1) осы қаулы қол қойылған күнінен отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымына тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 20 және 21-тармақтарын қоспағанда қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы«22 қазандағы N 986 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитеті бар.
Тармақ 2
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарымен ресімделетін, міндетті күші бар шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 5
5. Министрліктің штат санының лимитін Министрлікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35.
Тармақ 7
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнінде шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
Тарау 2. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іскен асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;
Тармақша 9
9) әлемдегі және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру;
Тармақша 3
3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолдануын тоқтата тұру мен тоқтату туралы ұсыныстар әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына белгіленген тәртіппен енгізу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесі ретінде ғаламдық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, сондай-ақ консулдық мекемелерінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 13
13) өз құзыреті аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға шегінде қатысу;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;
Тармақша 15
15) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 16
16) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру;
Тармақша 17
17) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан берілетін заемдар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
Тармақша 18
18) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 20
20) өзінің құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін белгілеу;
Тармақша 30
30) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан қисындылығы туралы қорытындылар беру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және олардың күшіне енуі мен орындалуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытындылар беру;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;
Тармақша 33
33) халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастарды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасасуға өкілеттіктерді растау;
Тармақша 35
35) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми басылымдарында жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарын ұсыну;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеу;
Тармақша 37
37) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізу, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жолдау не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру.
Тармақ 12
12. Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес Халықаралық ақпарат комитетіне мынадай функцияларды жүктейді:
Тармақша 1
1) Шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету.
Тармақ 13
13. Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: өз құзыретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің оның ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
Тармақ 15
15. Министр Министрліктің жұмысына басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 16
16. Министр:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасын білдіреді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
Тармақша 3
3) өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 4
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды, сондай-ақ жауапты хатшыны қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы Министрлік аппаратын басқарады.
Тармақ 18
18. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды.
Тармақ 19
19. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне және Министрге есеп береді.
Тармақ 20
20. Жауапты хатшы:
Тармақша 1
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 2
2) Министрлік аппаратына басшылық етеді: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Министрмен келісілген соң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық саны шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымын және штаттық санын бекітеді;
Тармақша 5
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 6
6) Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібін, кадр қызметі мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
Тармақша 7
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) Министрмен келісілген соң Министрліктің департаменттері және басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 9
9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшысының орынбасарын Министрдің тағайындауын келіседі;
Тармақша 10
10) Министрдің келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 11
11) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің және басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, Министрдің келісімі бойынша дипломатиялық қызмет персоналының тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
Тармақша 12
12) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және Министрліктің қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
Тармақша 14
14) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) Министрдің келісімінен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
Тармақша 20
20) еңбек қатынастарының жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын персоналды қоспағанда, Министрліктің персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін орындау үшін жауапты хатшының мыналарға:
Тармақша 1
1) Министрліктің аппараты қызметкерлерінің орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2) өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
Тармақ 22
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапкершілікте болады.
Тармақ 23
23. Министрдің жанынан сандық және жеке құрамын Министр бекітетін алқа құрылады. Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 24
24. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктерін Министрліктің регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді.
Тарау 4. 4. Министрліктің мүлкі
4. Министрліктің мүлкі
Тармақ 25
25. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 26
26. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 27
27. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі жылжымайтын және өзге мүлікті иелену, пайдалану және оларға билік етуге құқығы бар.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.