О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1120 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақшада: мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;"; сегiзiншi абзацта: "жылжитын мүлiк кепiлдiгiн" деген сөздерден кейiн "есепке алуды және" деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды" деген сөздерден кейін ", олардың жеке куәлiктерi мен төлқұжаттарын дайындауды және бepудi" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды; стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi; өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуді.";
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақшада: алтыншы абзацта "жеке нотариустар лицензияларының" деген сөздер "нотариустық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын; жетiншi абзацта "адвокаттар лицензияларының" деген сөздер "адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi; өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi; оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;"; 2) тармақшаның бiрiншi абзацында "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақтың 7) тармақшасында "жеке нотариустардың және адвокаттардың лицензияларын" деген сөздер "нотариустық (адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақша: мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындауды;"; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды; қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды; басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi; Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;"; 2) тармақшада: жетiншi абзацта "түзету мекемелерiнде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; сегiзiншi абзацта "сотталғандардың" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде: 1-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында: "жылжымайтын мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын; "азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта: 1) тармақшада: екiншi абзацта: "жылжымалы мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын; "азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацта "азаматтарды тiркеу және құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "жеке тұлғаларға меншiк құқығында тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын олардың салық салу объектiлерiн бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды; стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi; өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi; оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;"; 2) тармақшаның екiншi абзацында: "жылжымайтын мүлiк кепілiн" деген сөздер кейiн "eceпкe алу және" деген сөздермен толықтырылсын; "азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Комитетке берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтерді қорғауды қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының заңнамасын зияткерлік меншiк саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар енгізудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды; стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді;"; 11-тармақ 10) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: "11) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне тексерудi жүзеге асыруға".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.