О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй.»;
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 146) жолмен толықтырылсын:
«146) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;»;
ведомстволардың функцияларында:
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 5,14 және 50-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 57 және 58-жолдармен толықтырылсын:
«57. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
58. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.