О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 13-тармақ мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын: «138-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.