О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін.
1-тармақтың 2), 2-1) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 236 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, № 8 үй.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы:
ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 3
3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 5
5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
Тармақша 1
1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
Тармақша 5
5) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;
Тармақша 8
8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;
Тармақша 9
9) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;
Тармақша 10
10) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 12
12) білім және ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) білім беру саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 14
14) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы жұртшылық пен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемсурет мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 16
16) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 17
17) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындау және кәсіптер мен мамандықтардың жіктеуіштерін бекіту;
Тармақша 18
18) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;
Тармақша 19
19) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 21
21) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарттың нысандарын бекіту;
Тармақша 22
22) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты және олардың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 24
24) оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдар дайындау, оларды сараптамадан, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 25
25) бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 26
26) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 27
27) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 28
28) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 29
29) ведомстволық бағыныстағы білім беру мекемелерінің жарғыларын бекіту;
Тармақша 30
30) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 31
31) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 32
32) жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 33
33) педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын бекіту;
Тармақша 34
34) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 36
36) білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;
Тармақша 37
37) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлеу, бекіту және белгілеу;
Тармақша 38
38) тетіктерді бекіту және инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындау;
Тармақша 39
39) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 40
40) магистратурада және докторантурада мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;
Тармақша 41
41) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларын бекіту;
Тармақша 42
42) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 43
43) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу мен бекіту және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және бекіту, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту;
Тармақша 45
45) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілеу және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
Тармақша 46
46) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 47
47) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 48
48) білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 49
49) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 50
50) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 51
51) арнаулы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін белгілеу, арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарында қажетті орын санын айқындау;
Тармақша 52
52) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын ең төменгі міндетті талаптарды белгілеу;
Тармақша 53
53) барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін айқындау;
Тармақша 54
54) мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шекті толымдылығын айқындау;
Тармақша 55
55) білім алушыларды аттестаттау әдістемесін айқындау;
Тармақша 56
56) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың халықаралық ынтымақтастық ісіндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 57
57) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 58
58) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілеу;
Тармақша 59
59) мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту;
Тармақша 60
60) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту;
Тармақша 61
61) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды алушыларға қойылатын біліктілік талаптарын және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібін бекіту;
Тармақша 62
62) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 63
63) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;
Тармақша 64
64) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) техникалық және кәсіптік білім алу үшін жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау шарттарын айқындау;
Тармақша 66
66) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен жасалатын үлгілік шартты бекіту;
Тармақша 67
67) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 68
68) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 69
69) білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақты мектептер қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту;
Тармақша 70
70) білім беру ұйымының ғылыми кеңесін сайлау тәртібін және алқалы басқарудың өзге де нысандарын қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту;
Тармақша 71
71) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 72
72) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Тармақша 74
74) балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші ананы конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;
Тармақша 75
75) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені бекіту;
Тармақша 76
76) тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;
Тармақша 77
77) балаларды балалар ауылындағы отбасына беру туралы үлгілік шартты бекіту;
Тармақша 78
78) балалар ауылының, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және тәрбиеленушінің (түлегінің) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы үлгілік шартты бекіту;
Тармақша 79
79) азаматтардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80
80) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми сүйемелдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 81
81) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
Тармақша 82
82) мүгедектерді оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар беру қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 84
84) кәмелетке толмағандардың заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына адамгершілік пен салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оны білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
Тармақша 85
85) арнаулы білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
Тармақша 86
86) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
Тармақша 87
87) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 88
88) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 89
89) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
Тармақша 90
90) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 91
91) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 92
92) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 93
93) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 94
94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 95
95) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 96
96) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 97
97) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 98
98) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 99
99) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 100
100) университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптарды айқындау және бекіту;
Тармақша 101
101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 102
102) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
Тармақша 103
103) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 104
104) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алу;
Тармақша 105
105) білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 106
106) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 107
107) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандықтар топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 108
108) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 109
109) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 110
110) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111
111) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;
Тармақша 112
112) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;
Тармақша 113
113) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
Тармақша 114
114) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
Тармақша 115
115) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын қалыптастыру тәртібін айқындау;
Тармақша 116
116) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 117
117) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту;
Тармақша 118
118) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 119
119) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120
120) құжаттарды қабылдау және қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу;
Тармақша 121
121) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекіту;
Тармақша 122
122) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 123
123) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
Ведомстволардың функциялары:
Тармақша 1
1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
Тармақша 2
2) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу;
Тармақша 3
3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;
Тармақша 7
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзiмдi баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 10
10) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;
Тармақша 12
12) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 14
14) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 15
15) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 16
16) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
Тармақша 17
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Тармақша 18
18) ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
Тармақша 19
19) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
Тармақша 20
20) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
Тармақша 21
21) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
Тармақша 22
22) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 25
25) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;
Тармақша 27
27) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттiк ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 29
29) қалыптасу, орындалу мен аяқталу кезеңдерінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 31
31) ұлттық ғылыми кеңестердiң тiзбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ олардың қызметiн үйлестiру;
Тармақша 32
32) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 33
33) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 34
34) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнiмнiң берiлуін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
Тармақша 38
38) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 39
39) ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 40
40) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 41
41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 43
43) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
Тармақша 44
44) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 45
45) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 46
46) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 47
47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронат мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 48
48) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 49
49) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 50
50) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 51
51) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 52
52) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
Тармақша 53
53) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді қарау;
Тармақша 54
54) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
Тармақша 55
55) аумақтық органдарға отбасы мен балаларды адамгершілік-рухани ағарту мәселелерінде консультативтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсету бойынша әдістемелік көмек беру;
Тармақша 56
56) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 58
58) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
Тармақша 59
59) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;
Тармақша 60
60) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 61
61) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 62
62) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестіру;
Тармақша 63
63) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 66
66) мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру үдерістерін талдауды және болжауды жүзеге асыру;
Тармақша 67
67) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 69
69) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 70
70) білім және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;
Тармақша 71
71) (PhD) философия докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 72
72) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
Тармақша 74
74) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүргізу;
Тармақша 75
75) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 76
76) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 77
77) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
Тармақша 5
5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
Тармақша 7
7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
Тармақша 10
10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін білдіреді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
Тарау 4. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тармақ 1
1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Қазақ ұлттық аграрлық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Атырау мұнай және газ институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 12
12. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 15
15. «Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 16
16. «Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 17
17. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 18
18. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 19
19. «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 20
20. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 21
21. «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 22
22. «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 23
23. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 24
24. «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 25
25. «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 26
26. «Рудный индустриялық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 27
27. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 28
28. «Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 29
29. «Семей мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 30
30. «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 31
31. «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 32
32. «М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 33
33. «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 34
34. «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 35
35. «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 36
36. «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 37
37. «Семей қаржы-экономикалық колледжi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 38
38. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 39
39. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 40
40. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 41
41. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 42
42. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 43
43. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 44
44. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 45
45. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 46
46. «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 47
47. «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 48
48. «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 49
49. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 50
50. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 51
51. «Қайта өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 52
52. «Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 53
53. «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 54
54. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Бөлім 2. 2. Акционерлік қоғамдар
2. Акционерлік қоғамдар
Тармақ 1
1. Халықаралық бағдарламалар орталығы.
Тармақ 2
2. Қаржы орталығы.
Тармақ 3
3. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі».
Тармақ 4
4. «Кәсіпқор» холдингі.
Тармақ 5
5. Ақпараттық-талдау орталығы.
Тармақ 6
6. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Тармақ 7
7. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы.
Тармақ 8
8. Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы.
Бөлім 3. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
Тармақ 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың - мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Технологияларды коммерцияландыру орталығы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың - мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 3
3. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 4
4. Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 6
6. Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 8
8. Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 9
9. Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 10
10. Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 11
11. Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 12
12. Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 13
13. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 14
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 15
15. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Тармақ 16. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
16. Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тармақ 1
1. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «О. Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
14. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Тармақ 1
1. «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Микробиология және вирусология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 15
15. «Жалпы генетика және цитология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 16
16. «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 17
17. «Алтай ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 18
18. «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 19
19. «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 20
20. «Адам және жануарлар физиологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 21
21. «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 22
22. «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 23
23. «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 24
24. «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 25. Акционерлік қоғамдар
25. «Информатика және басқару проблемалары институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
Тармақ 1
1. Орман питомнигi.
Тармақ 2
2. Түркі академиясы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы.
Тармақ 4
4. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы.
Тармақ 5
5. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.
Тармақ 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
6. Ғылым қоры.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
Тармақ 1
1. «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі.