О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: орталық аппараттың функцияларында: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»; мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын: «63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»; ведомствоның функцияларындағы 55) тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.