О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) әділет органдарының қызметін автоматтандыру;»; 14-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) әділет саласында жасанды интеллектіні ендіру;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;»; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;»; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және ревизиялық комиссиялардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;»; мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын: «27-1) төрелік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 27-2) құқық қолдану практикасын талдау және төрелік туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;»; мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын: «49-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;»; 104) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жасылсын: «104) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған (оларға) өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 105) патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;»; 108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; 114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «114) туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келісімінсіз жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу қағидаларын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 114-5), 114-6), 114-7), 114-8), 114-9) және 114-10) тармақшалармен толықтырсын: «114-5) аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 114-6) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту; 114-7) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға енгізу қағидалары мен нысанын бекіту; 114-8) тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын бекіту; 114-9) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту; 114-10) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;»; 144) тармақша алып тасталсын; 200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «200) сот сараптамасы органының бірінші басшысының ұсынуы бойынша сот сараптамалары органының штат кестесін және құрылымын келісу;»; мынадай мазмұндағы 241-1) тармақшамен толықтырылсын: «241-1) инвестициялар туралы келісімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;»; 265) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «265) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту;»; 271) тармақша алып тасталсын; Министрліктің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.