О внесении изменений в решение Алтынсаринского районного маслихата от 28 июля 2004 года № 68 «Об утверждении правил содержания кошек, собак и других животных на территории Алтынсаринского района», номер государственной регистрации 3101 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 68 «Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 3101, шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қостанай облысы әділет Департаментінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі қорытындысы және Алтынсарин ауданының 2004 жылғы 2 қыркүйектегі прокурордың наразылығы негізінде Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 68 "Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмері 3101, 2004 жылғы 20 тамыздағы «Таза бұлақ - Чистый родник» № 31 газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 18-тармағының 5-бөлімінен "Айыппұл салу туралы қаулыны аудандық ішкі істер бөлімі жазады" деген сөздер мәтіндегі қателіктерге байланысты алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қостанай облысы Әділет депертаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялауға жатады.