О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 июля 2004 года № 69 «О регламенте Алтынсаринского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
«Алтынсарин аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 28 шілдедегі № 69 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Алтынсарин аудандық мәслихатының "Алтынсарин аудандық мәслихатының регламенті туралы" 2004 жылғы 28 шілдедегі № 69 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3100, 2004 жылғы 30 тамыздағы № 32-33 "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-шы тарауда:
55-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Мәслихат аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Мәслихат тексеру комиссиясының төрағасын (ары қарай төраға) депутаттар арасынан сайлайды.
Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде мәслихатқа береді және мәслихат бекіткеннен кейін ол бұқаралық акпарат құралдарында жариялануға жатады;
2) мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
3) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
4) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді;
6) жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы келіп түсуіне қатысты мәселелер жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
7) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
8) тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
9) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
11) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың қөрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартады;
12) тексеру комиссиясы өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдауларын өткізе алады. Тексеру комиссиясы қарамағына жатқызылған анағұрлым маңызды және қоғамдык маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулары депутаттардың, аткару органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, уйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, азаматтардың катысуымен кеңейтілген отырыстар түрінде өткізіледі. Көпшілік тыңдауларын өткізу тәртібі мәслихат регламентімен анықталады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) тексеру комиссиясы өзін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді;
15) тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары облыстық мәслихат сессиясында қарастырылады және оның шешімімен мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі;
16) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында аудандық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс;
17) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны мәслихат хатшысы бекітеді. Төраға тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары бойынша жасайды;
18) жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар жоспарланған мәселені жоспардан алып тастау немесе оны қарастыруды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімдер сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің талап етуімен төрағаның, тексеру комиссиясының мүшелері немесе мәслихат хатшысының ұсыныстары бойынша заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
19) тексеру комиссиясының жұмыс жоспарының орындалуын төраға бақылайды;
20) тексеру комиссиясының отырыстарын қажет болған жағдайда төраға шақыртады, бірақ тоқсанда бір реттен көп емес. Тексеру комиссиясының отырыстарына енгізілетін мәселелерді төраға және тексеру комиссияларының мүшелері дайындайды;
21) тексеру комиссиясының отырыстары оның құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші бар деп есептеледі;
22) тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары нәтижелері қарастырылатын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
өткізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат-қорытындылар;
тексеру комиссиясы қаулысының жобасы. Жергілікті атқарушы органның облыстық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру корытындылары бойынша комиссия отырысы облыс әкімдігі ұсынатын келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп;
түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау туралы талдамалық есеп;
23) тексеру комиссиясы өз құзыреті мәселелері бойынша қаулылар қабылдайды;
24) тексеру комиссиясының қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігімен қабылданады.
Тексеру комиссиясы төрағасы комиссия отырысында депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдалана алады.
Тексеру комиссиясының қаулыларына төраға қол қояды. Тексеру комиссиясы бірнеше тұрақты комиссиялардың қатысуымен бірлескен отырыс өткізген жағдайда қаулыға сол комиссиялардың төрағалары қол қояды. Қаулы қол қойылғаннан кейін күшіне енеді;
25) құпиялық режимді арнай мекемелерде немесе "құпия" және "өте құпия" белгісі бар материалдарды пайдалана отырып өткізілген бақылау нәтижелерін қарастырғанда комиссия жабық отырыстар өткізе алады, оларға тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары белгіленген тәртіппен шақырылады;
26) тексеру комиссиясы отырысының қарауына ұсынылатын мәселені талқылау барысында комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша ресімделеді және отырыс хаттамасына қосымша болып енеді;
27) тексеру комиссиясының қаулылары бақылау іс-шараларының қорытындылары, облыстық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есептің бекітілуі, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылданады.
Бақылау қорытындылары қаулысы анықталған бұзушылықтарды қарастырып, жою шараларын қолдану, мемлекетке келтірілген зиянды өтеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған лауазымдық тұлғаларды жауапқа тарту үшін мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - атқарушы органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
Қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың басқа да фактілері анықталған жағдайда бакылау материалдары құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тапсырылады;
28) тексеру комиссиясы отырысына ведомстволар мен бақылау объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шакырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатынаса алады;
29) тексеру комиссиясы отырысында хаттама жүргізіледі, онда катысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен пәні, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз сөйлеулерінін негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған мәселелер магнитофон лентасына (диктофон) жазылады;
30) тексеру комиссиясына келіп түскен өтініштер мен арыз - шағымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы зандарына сәйкес қарастырылады;
31) мәслихат шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілген мәслихат хатшысының өкімі шығарылады. Бақылау іс-шаралары туралы әкім қатаң есепті бланктерде ресімделеді және міндетті түрде тексеру басталған күні тексерілуші ұйымның басшысына тапсырылады;
32) мәслихат аппаратының қызметкерлерін бақылау іс-шараларын өткізуге тартқанда мәслихат хатшысы қатаң есепті бланктерде ресімделген арнайы өкімге қол қояды;
33) тексеру комиссиясының төрағасы жұмыс жоспары және бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-шараларын өткізу бағдарламасын жасайды;
34) тексеру комиссиясы мүшелері, мәслихат аппараты қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуына құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды қамтамасыз ету есебінен іске асырылады;
35) бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Бірінші данасы тексерілуші ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) тапсырылады, екіншісі тексерушіде қалады. Тексерілуші объектінің басшысын актімен таныстыру үш күнге деиінгі мерзімде өткізіледі келіспеушілік болған жағдайда тексерілуші ұйымның басшысы өз қолының алдында "келіспеушіліктермен" белгісін қояды және жеке құжаттармен өз келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. Он күн ішінде келіспеушіліктер тексеру комиссиясына жолданады;
36) актіге тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгізілмейді;
37) төраға алынған келіспеушіліктерді қарастырады және актіге қол койылған күннен бастап он күн ішінде ұйымның басшысына жазбаша жауап береді;
38) бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссиясында қарастыруға материалдар, мәслихаттың жақында болатын сессиясына комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы ақпарат дайындайды;
39) тексеру комиссиясының қабылданған қаулыларының іске асырылу барысын төраға бақылайды;
40) тексеру комиссиясының жұмысының жариялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес іске асырылады;
41) тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады;
42) тексеру комиссиясы мен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары актілер мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары талаптарына сәйкес болған жағдайда бақылау нәтижелерін өзара мойындайды, келісілген мерзімде тексерілген объектілер және тақырыптык бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпараттармен алмасады;
43) тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды жылына бір реттен артық емес және екі жылда кемінде бір рет өткізеді;
44) тексеру комиссиясы мүшелеріне бақылау актілерінде баяндалған мәліметтердің растығына, объективтілігіне және толықтығына Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жауапкершілік жүктеледі.