О внесении дополнений в решение Алтынсаринского районного маслихата от 28 июля 2004 года № 69 «О регламенте Алтынсаринского районного маслихата» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 69 «Алтынсарин аудандық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі деңгейін арттыру, әкімдердің мәслихаттарға есептілігін қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 69 "Алтынсарин аудандық мәслихатының регламенті туралы" шешімінің 3-бөлімі (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3100) 14-1, 22-1-тармақтарымен келесі мазмұнда толықтырылсын: "14-1 Сессия жұмысы басталар алдында және сессия жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының ән ұраны ойналады". "22-1 Аудандық мәслихаттың екі сессиясында жарты жылда бір рет, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығын орындау үшін, аудан әкімі, өз құзыреті шегінде, мәслихаттардың депутаттары алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп береді. Есеп беру қорытындылары және оның талқылануы бойынша аудандық мәслихаттың шешімі қабылданады."
Тармақ 2
2. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 69 «Алтынсарин аудандық мәслихатының регламенті туралы" шешімінің 30-тармағының 4-бөлімі (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3100) келесі мазмұнда толықтырылсын: "Мәслихат шешімінің жобаларын дайындау "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Әкімшілік нысандар туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының және осы регламенттің талаптарына сәйкес аудандық мәслихат аппаратымен жүзеге асырылады. Құжаттардың жобалары бірінші басшының немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен қол қойылып, мүдделі органдармен келісіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электронды тасымалдаумен ұсынылады. Жобалар қарастырылған мәселелерді негізге ала отырып, міндетті түрде мүдделі, атқарушы органдармен, өз құзыретінің шегінде келісіледі".
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.