О внесении дополнений и изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2005 года N 162 "Об утверждении перечня расходов по экономической классификации расходов, требующих регистрации заключенных договоров" Қолданыста
Басқа 0
"Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 162 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3659 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесінде:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығындар" сыныбында:
120 "Жұмыс берушілердің жарналары" ішкі сыныбында:
125 "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
130 "Тауарлар сатып алу" ішкі сыныбында:
131 "Тамақ өнімдерін сатып алу" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
132 "Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өзге құралдарды сатып алу" ерекшелігінде:
"Донорға ақшалай өтемақы төлеу келісім-шарт жасаспай жүргізіледі. Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
134 "Мүліктік керек-жарақ заттарын және басқа пішімдік және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу" ерекшелігінде:
"Мүліктік керек-жарақ заттарын, пішімдік және арнайы киім-кешектерді сатып алу орнына ақшалай өтемақы төлеу кезінде тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) беруге шарттар жасалмайды.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
139 "Өзге тауарларды сатып алу" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" ішкі сыныбында:
143 "Көлік қызметтеріне ақы төлеу" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтар мен басқа негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу" ерекшелігінде:
"шарттардан басқа:" деген сөздерден кейін "штаттан тыс қызметкерлерге жеке еңбек шарттары бойынша жалақы, жәрдемақы, іссапар шығыстары және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығындарды төлеу кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
147 "Үй-жайды жалға алғаны үшін ақы төлеу" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігінде:
"шарттардан басқа:" деген сөздерден кейін "штаттан тыс қызметкерлерге жеке еңбек шарттары бойынша жалақы, жәрдемақы, іссапар шығыстары және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығындарды төлеу кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
150 "Басқа да ағымдағы шығындар" ішкі сыныбында:
153 "Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";
2 "Күрделі шығындары" санатында:
4 "Негізгі капиталды сатып алу" сыныбында:
410 "Негізгі капиталды сатып алу" ішкі сыныбында
411 "Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу" ерекшелігінде:
"Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.