О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 28 апреля 2005 года № 09/20 "О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2005 году" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2005 жылы азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 09/20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 09/20 (Қарағанды облысы әділет Департаментінде 2005 жылғы 24 мамырда № 1786 тіркелген, «Орталық Қазақстан» газетінде 2005 жылғы 7 маусымда № 112, «Индустриальная Караганда» газетінде 2005 жылғы 7 маусымда № 68 жарияданған) қаулысына келесі өзгерістер енгізіледі: 1) Аталған қаулының кіріспесінде «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет тіралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы № 9000», сөзі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» сөзімен ауыстырылсын; «2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148» сөзі алынып тасталсын; «2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29» сөзі алынып тасталсын; 2) 1 тармақтың 1 тармақшасында «тиісті қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары» деген сөз «тиісті қалалар мен аудапдардын жергілікті әскери басқару органдарының ьастықтары» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 2 тармақ келесі редакцияда жазылған: «Қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмыстарын бақылау және жетекшілік ету үшін облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын: Дарманқұлов Мұрат Ильтайұлы – Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы, комиссия төрағасы-полковник (келісім бойынша); Нұрәлиев Парда Тұрсынбайұлы – Қарағанды облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар Департаментінің директоры міндетін атқарушы – комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшілері: Әуезов Әміржан Таңатарұлы - Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің шақыру басқармасы бастығының орынбасары - медициналық комиссия төрағасы – медицина қызметінің подполковнигі (келісім бойынша); Кенжебаев Нұрбай Жақсыбайұлы- Денсаулық сақтау Департаменті директорының орынбасары; Лепеха Игорь Викторович - Ішкі істер Департаменті бастығының орынбасары – полиция полковнигі (келісім бойынша); Шинкорук Галина Васильевна - комиссия хатшысы; 4) 6 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «Қарағанды облысының ішкі істер Департаментіне (Кулинич А.В. - келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 3 тармағына және 44 бабының 2 тармағына сәйкес өз құзырының деңгейінде әскери міндетін орындаудан бас тартқан адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын. Әскери қызметке шақырудан бас тартқан адамдардың жеткізілуін, сондай-ақ шақырылғандардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін»; 5) 10 тармақта «Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35 бабына сәйкес деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін. Келісілді Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник_______________ М.И. Дарманқұлов 28 қыркүйек 2005 жыл Келісілді Қарағанды облысының ішкі істер Департаментінің бастығы полковник_______________ А.В. Кулинич 28 қыркүйек 2005 жыл