О внесении дополнений в решение маслихата от 28 января 2005 года № 119 «О порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы
№ 119 «Аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі туралы» шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынсатары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абонеттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 199 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3358, 2005 жылғы 25 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде 22 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ережелерде:
18-тармақтың бірінші абзацы «жеке үйдің» сөздерінен кейін «жеке куәліктің көшірмесі, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі» сөздерімен толықтырылсын;
22-тармақ «негізінде» сөзінен кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар ұйымдардағы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару арқылы» сөздерімен толықтырылсын.