О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 января 2005 года № 119 «О порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3358, 2005 жылғы 25 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде 22 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 150 «Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-3, 2005 жылғы 1 маусымда «Рудненский рабочий» газетінде 42 нөмірмен жарияланған) шешімімен толықтырулар енгізілді) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ережелерде: «Тұрғын үй көмегі» атты 1-тарауда: 2-тармақтың төртінші абзацы «құрметті азаматы болып табылатын зейнеткерлерге» сөздерінен кейін «Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне» сөздерімен толықтырылсын; 6-тармақтың екінші абзацында: «жасқа дейінгі балалары» сөздерінің алдында «3» саны «7» санымен ауыстырылсын; «3 топтағы мүгедектер» сөздерінен кейін «50 жастан үлкен әйелдер, 55 жастан үлкен ерлер» сөздерімен толықтырылсын; «Тұрғын үй көмегін тағайындауға әлеуметтік қорғау органдарына азаматтардың өтініш білдіру тәртібі» атты 4-тарауда: 18-тармақта: бірінші абзацта: «жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі» сөздері алынып тасталсын; үшінші абзац «телекоммуникация қызметтерін көрсетуге шарттың көшірмесі» сөздерінен кейін «жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.