О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 28 января 2005 года № 119 «О порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардагы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұргын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 3358, 2005 жылғы 25 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде 22 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 150 «Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз камтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-3, 2005 жылғы 1 маусымда «Рудненский рабочий» газетінде 42 нөмірмен жарияланған шешімімен, мәслихаттың 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 375 Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-65, 2006 жылғы 29 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде 103-104 нөмірлермен жарияланған шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ережелерде: «Тұрғын үй көмегі» атты 1-тарауда: 2-тармақта: бірінші абзацта «көлемінде» сөздерінен кейін «25» сандары «20» сандарымен ауыстырылсын; төртінші абзац «Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне» сөздерінен кейін «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің некесін қайта қимаған жесірлеріне» сөздерімен толықтырылсын; 6-тармақта: бірінші абзац «тастап кетілген үйде» сөздерінен кейін «сондай-ақ Ұлы Отан соғысы қатысушыларында, мүгедеқтерінде және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болган, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің некесін қайта кимаған жесірлерінде екі бірлік тұрғын үй болуы» сөздерімен толықтырылсын; «Тұрғын үй көмегін тағайындауға әлеуметтік қорғау органдарына азаматтардың өтініш білдіру тәртібі» атты 4-тарауда: 18-тармақта: екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «тұрғын үйдің бар екендігі туралы Жылжымайтын мүлік орталығының анықтасы үшін бажды төлегені туралы түбіртек (жыл сайын беріледі, Ұлы Отан соғысы қатысушыларынан, мүгедектерінен және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болган, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің некесін қайта қимаған жесірлерінен басқалар)»; он үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «зейнеткерлер және мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақы алушылар үшін - тағайындалған зейнетақы және (немесе) жәрдемақы көлемін көрсете отырып, зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.