О внесении дополнения в постановление акимата города Риддера от 28 марта 2005 года № 1429 «Об утверждении дополнительных категорий граждан, относящихся к целевым группам и порядка возмещения затрат на питание и медицинское освидетельствование безработным, направленным на обучение» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 1429 «Оқуға жіберілген жұмыссыздарды медициналық куәландыру мен тамақтандыру шығындарын өтеу тәртібі және мақсаттық топтарға жататын азаматтардың қосымша санаттарын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 7 бабының 2 тармағы және 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 “Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралары туралы” қаулысына сәйкес, халықтың мақсаттық топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу, сонымен қатар Риддер қаласының аймағында халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мақсатты топтарға жататын азаматтардың қосымша тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г. Д. Ушановаға жүктелсін.
Тармақ 3
З. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді.
Басқа 4. Мақсатты топтарға жататын азаматттардың қосымша тізімі:
2006 жылғы «18» шілде № 2330 Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мақсатты топтарға жататын азаматттардың қосымша тізімі:
Тармақ 1
1. Жазғы демалыс кезінде жасы 16 жастан жоғары жасөспірімдер. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Г.В. Иванихина