О внесении изменения в решение маслихата от 28 октября 2005 года № 207 «Об установлении ставки фиксированного суммарного налога и ставки акциза» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 207 «Тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциздің ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Қазақстан Республикасы Кодексінің 393 және 394 бабтары негізінде, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 207 «Тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциздің ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-8, 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 49 «Федоровские новости» газетінде жарияланған): 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Тіркелген жиынтық салықтың ставкаларының мөлшері
Мәслихаттың 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 311 шешіміне қосымша Тіркелген жиынтық салықтың ставкаларының мөлшері