О внесении дополнений в постановление акимата района от 28 февраля 2005 года № 40/1 «Об утверждении Инструкции назначения социальных выплат отдельным категориям граждан в 2005 году», зарегистрированного в департаменте юстиции Павлодарской области 24 марта 2005 года № 2928, с дополнениями, внесенными постановлением акимата района от 1 июля 2005 года № 243/5, зарегистрированного в управлении юстиции Иртышского района 19 июля 2005 года № 12-7-8 Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы «2005 жылы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемақы тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы» № 40/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы, Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылдың 24 наурызында № 2928 тіркелген, аудан әкімдігінің 2005 жылғы 1 шілдесінде № 243/5 қаулысымен енгізілген толықтырулармен, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2005 жылдың 19 шілдесінде № 12-7-8 тіркелген
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, 2005 жылдың 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Жолдауын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы «2005 жылы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемақы тағайындау Нұсқаулығының бекіту туралы» № 40/1 қаулысымен бекітілген, Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылдың 24 наурызында № 2928 тіркелген («Ертіс нұры», 2005 жыл, № 28), аудан әкімдігінің 2005 жылғы 1 шілдесіндегі № 243/5 қаулысымен енгізілген толықтыруларымен, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2005 жылдың 19 шілдесінде № 12-7-8 тіркелген («Ертіс нұры», 2005 жыл, № 58), 2005 жылы азаматтардың жеке категоряларына әлеуметтік төлемақы тағайындау Нұсқаулығының
2 тармақтың:
15) тармақшасы «телефон төлемдері» деген сөздерден кейін осы сөздермен толықтырылсын: «Ұлы Отан Соғысы мүгедектері мен қатысушыларының тістерін протездеу»;
3 тармақтың:
2) тармақшасы келесі редакцияды баяндалсын:
«2) 4 тармақшада көрсетілген категориялар үшін – талон бойынша шаштаразға бару үшін бекітілген тізімге сәйкес жеке шотына ақша аудару»;
4 тармақтың:
15) тармақшасы «телекоммуникация торабы» деген сөздерден кейін осы сөздермен толықтырылсын: «тісті протездеуге – әр адамға 15000 теңгеден артық емес мөлшерінде»;
36) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«36) Жас мамандарға мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандарға бір жолғы жәрдемәқы ЖОО түлектері – мұғалімдерге - 30000 теңге, орта – кәсіби оқу орындарының түліктеріне (бұдан әрі - ОКОО)- 15000 теңге, дәрігерлерге -10000 теңге»;
5 тармақтың:
3) тармақшасы «үйде көмек көрсету» деген сөздерден кейін осы сөздермен толықтырылсын «тісті протездеу кабинеті»;
10) тармақшасында «жанүяның тексеру актісі» деген сөздер алынылсын.