О внесении изменений в постановление акимата от 28 января 2005 года № 46 «Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ» Күшін жойған
Басқа 0
«Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртіптері турасындағы қағиданы бекіту туралы» 2005 жылғы 28 қаңтардағы 46 әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру Қағидасын, «Әлеуметтік бөлім шығарудың есептеп шығару Қағидасын бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын орындау үшін әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртіптері турасындағы қағиданы бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3323, 2005 жылғы 30 наурызда «Авангард» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 46 Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
қаулы қосымшасының 9-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбекақы төлеуде жұмыс берушілердің шығындары әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік Қорына әлеуметтік бөліп шығаруға төлеуге жалақының ең төменгі мөлшерінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленгендей мөлшерде аудандық бюджеттен толтырылады және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады.
Жалақы төлеу мен аудару жөніндегі екінші деңгейлі банктердің көрсеткен қызметтері үшін комиссиондық сыйақылар төлеміне шығындар шартта белгіленгендей мөлшерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен толтырылады».