О внесении изменения в постановление акимата от 28 февраля 2005 года № 72 «Об утверждении инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ» Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысын орындауда Қарасу аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» Қарасу аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3394, «За изобилие» 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 11) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқаудағы 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Аудандық әкімдігінің қаулысымен белгіленген мөлшерде қоғамдык жұмыстар қатысушыларының еңбекақыларына жұмыс берушілердің шығыстары аудандық мәслихаттың шешімімен келісті сәйкестік бюджеттен өтеледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударуларды төлеуге жұмыс берушілердің шығыстары аудандық мәслихаттың шешімімен келісті сәйкестік бюджеттен өтеледі.
Шартпен белгіленген мөлшерде қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі болатын талап етуге дейін салымдар бойынша дербес есепшоттарына немесе банктің дебиттік төлем карточкалардың есепшоттарына басқа да ақшалай төлемдерді және жұмысақыларды төлеуге және екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақыларды төлеуге жұмыс берушілердің шығыстары аудандық мәслихаттың шешімімен келісті сәйкестік бюджеттен өтеледі.
Бюджеттік қаражаттар жұмыс берушілердің есеп айырысу есепшоттарына аударылады.»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Нөгербековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.