О внесении изменения в постановление акимата от 28 февраля 2005 года № 72 «Об утверждении инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысын орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3394, «За изобилие» аудандық газетінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 11, «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 тамыздағы № 243 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3504, «За изобилие» аудандық газетінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 22)) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «10. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстар қатысушыларының еңбекақысын төлеуге арналған шығыстары аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударуларды төлеуге арналған шығыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиісті жұмысақыларын және басқа да ақшалай төлемдерді банктің дебиттік төлем карточкаларының есепшоттарына немесе талап ету бойынша салымдар бойынша дербес есепшоттарына аудару мен төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақыларды төлеуге арналған шығыстары шартпен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражаттар жұмыс берушілердің есеп айырысу есепшоттарына аударылады.».
Тармақ 2
2. «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 тамыздағы № 243 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3504, «За изобилие» аудандық газетінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 22) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Бекеновке жүктелсін.