О внесений изменения в постановление акимата города Шымкента от 28 апреля 2006 года N 329 "Об обеспечении призывной комиссии управления по делам обороны города Шымкент и проведении очередного призыва граждан 1979-1988 годов рождения на срочную военную службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года" Қолданыста
Басқа 0
Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі "Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы шақыру комиссиясын қамтамасыз ету және 1979-1988 жылдары туылған азаматтардың 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметіне кезекті шақырылымын өткізу туралы" N 329 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 05 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі "Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы шақыру комиссиясын қамтамасыз ету және 1979-1988 жылдары туылған азаматтардың 2006 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметіне кезекті шақырылымын өткізу туралы" N 329 қаулысына (Шымкент қаласының әділет басқармасында N 14-1-31-нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 09 маусымда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармағындағы "Есдаулетов Мұраталы Нұртайұлы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы (келісім бойынша)" сөздері "Панкеева Татьяна Викторқызы - Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы (келісім бойынша)" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының басшысы К. Қадырбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгiзiледi.