О внесении изменении в решение городского маслихата от 28 июня 2006 года № 26/214 «Об утверждении инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 маусымындағы № 26/214 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайданылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық маслихаттың 2006 жылдың 28 маусымындағы №26/214 (№11-1-35 тіркелген, «Манғыстау» газетінде 2006 жылғы 03 тамызда №124- 125 (6930), «Огни Мангистау» газетінде 2006 жылғы 08 тамызда №126 (9626) жарияланған «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 1
1. Мәтіндегі «әлеуметтік норма», «әлеуметтік нормалар» деген сөздер «тұтыну қалыптары» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы _____________ Айбатырова К.М. 28.05.2007 жыл