О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2006 года № 932 и от 21 июня 2007 года № 521 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 және 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 399-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесінде: «Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелері» деген 3-бөлімде: «Гидрогеологиялық объектілер» деген 3.3-кіші бөлімде: тақырыбынан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Ақтөбе облысы 322-1. Көкжиде кен орнының жерасты сулары».
Тармақша 2
2) «Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 20, 232-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесінде: «Гидрогеологиялық объектілер» деген бөлімде: тақырыбынан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Ақтөбе облысы 186-1. Көкжиде кен орнының жерасты сулары».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.