О внесении изменения в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 февраля 2007 года N 30/350-III "О предоставлении жителям Южно-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 30/350-ІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 30/350-III шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1952-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 15 наурызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлігінде - нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.".
Тармақ 2
2. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.