О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 28 марта 2007 года № 151/3 «Об организации общественных работ на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы «2007 жылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 151/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және кейбір қоғамдық жұмыс түрлерінің қысқаруына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы «2007 жылы
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 151/3 (нормативтік актілерді
мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 12-3-90 болып тіркелген және 2007 жылғы
12 сәуірдегі № 15(274) «Отарқа» және «Вести Экибастуза» газеттерінде
жарияланған) қаулысына (бұдан әрі- Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаулының қосымшасындағы 4 тармақтың 4.4 тармақшасы және 7 тармақтың 7.2 тармақшасы - алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі
орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.