О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 февраля 2007 года № 30/350-III "О предоставлении жителям Южно-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1952-нөмірімен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 41-нөмірінде 2007 жылғы 15 наурызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»; 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін жіберілетін науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын облыстық бюджет қаражаты есебінен төлеу, Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық медициналық ұйымдарда стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек және консультативтік-диагностикалық көмек нысанындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуы жағдайында жүргізілсін.»; 3 тармақтағы «департаментіне» деген сөз «басқармасына» деген сөзбен ауыстырылсын; 5 тармақтағы «департаменті» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.