О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 501 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
­1. "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 599-құжат; 2008 ж., N 9, 89-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде : С санаттарының тобында : С-О-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Ұлттық Банк филиалының директоры"; С-О-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Ұлттық Банк филиалы директорының орынбасары"; С-О-4 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Ұлттық Банк филиалының бөлім бастығы".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.