О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 501 "О мерах по оптимизации должностей государственных служащих" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат) өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде: «С санаттарының тобы» бөлімінде: С-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары»; сілтеменің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2 Орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің ведомстволарынан басқа (Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінен басқа, ведомстволар құрамында департаменттер құру көзделмейді).».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.