О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 28 марта 2007 года № 93 "Об утверждении Правил присвоения звания "Народный" (образцовый) коллективам художественной самодеятельности" Қолданыста
Басқа 0
"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын бекіту туралы" Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы» Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы» Ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Халықтық» (үлгiлi) атағы мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен беріледi.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Ереженiң талабына сай болмаған жағдайда көркемөнерпаздар ұжымдарының «Халықтық» (үлгiлi) атағы мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен алынып тасталады.».
Тармақ 2
2. Мәдениет комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.