О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 28 февраля 2007 года № 98/3 «О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2007 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" № 98/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастүз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы "Екібастұз
қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға
(отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық
көмек беру туралы" (2007 жылғы 5 ақпандағы нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеудің № 12-3-88 тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы
12 ақпандағы № 15/848/ "Отарқа" және 2007 жылғы 12 ақпандағы № 15/274/
"Вести Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 98/3 қаулысына келесі
өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін
біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша комиссия (бұдан әрі-
комиссия) құрамына "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Арыстанов Серік Әубәкішұлы комиссия төрағасының орынбасары болып
алынсын;
Тармақша 2
2) комиссия құрамынан С.С. Секенова шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енеді.