О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2008 года N 204 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 204 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 204 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 2-тармақта: бірінші абзацтағы "бройлерлік құс етін (бұдан әрі - тауық еті)" деген сөздерден кейін ", жұмыртқалағыш кростың құс жұмыртқасын (тағамдық жұмыртқа) (бұдан әрі - жұмыртқа)" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацта: "құс етін" деген сөздерден кейін ", жұмыртқаны" деген сөзбен толықтырылсын; "сойыс салмағында" деген сөздерден кейін ", жұмыртқаның" деген сөзбен толықтырылсын; "мекемелерге" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың алтыншы абзацы "құс етін" деген сөздерден кейін "және жұмыртқаны" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың екінші абзацындағы "құс етін" деген сөздерден кейін ", жұмыртқаны" деген сөзбен толықтырылсын; 7-тармақтағы "1 (бір) килограмын өндіруге", "килограмына" деген сөздерден кейін тиісінше "(10 дана)", "(1 дана)" деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақтың 1) тармақшасындағы бірінші абзац "мекемелерге" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге" деген сөздермен толықтырсын; 14-тармақтың 1) тармақшасының және 2) тармақшасының екінші абзацтарындағы "аудандық статистика бөлімі берген анықтаманы", "аудандық статистика бөлімінің берген анықтамасы" деген сөздер "аумақтық статистика органы берген ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтағы "мекемелерге" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге" деген сөздермен толықтырылсын; Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымшада: 1-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Жұмыртқа 13,2"; 2-бөлімде: тақырыбындағы "килограмм" деген сөзден кейін "(10 дана)" деген сөздермен толықтырылсын; "1 килограмм өнім өндіруге арналған құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының мөлшері" деген бағандағы "килограмм" деген сөзден кейін "(10 дана)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Жұмыртқа 2,0"; 3-бөлімде: тақырыбындағы "килограмм" деген сөзден кейін "(1 дана)" деген сөздермен толықтырылсын; "Жеке өндірістің сатқан өнімінің 1 килограмына арналған субсидиялардың нормативі, теңге" деген бағандағы "килограмына" деген сөзден кейін "(1 дана)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Жұмыртқа 2,6"; Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымшада: "құс еті" деген сөздерден кейін ", жұмыртқа" деген сөзбен толықтырылсын; "Өнім сатудың жылдық квотасы, тонна" деген бағандағы "тонна" деген сөзден кейін ", мың дана" деген сөздермен толықтырылсын; "Нақты сатылған өнім, тонна" деген бағандағы "тонна" деген сөзден кейін ", мың дана" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.